Біз металл пластик терезелер мен есіктерді 2001 жылы өндіре бастадық және бүгінде Астана қаласындағы басқа өндірушілердің арасында алдыңғы орындарды алып отырмыз. Металл пластик бұйымдарын дайындау — оның көптеген құрамдастарының жолға қойылған жұмысын талап ететін еңбекті көп қажетсінетін және технологиялық күрделі процесс.
Білікті персонал — бұл біздің компаниямыздың мақтанышы. Біз монтаждау үшін жауапты мамандардан бастап ұйым басшылығына дейін барлық қызметкерлеріміздің біліктілігін ұдайы арттырып отыруға ерекше кһңіл бөлеміз.
ELUMATEC, STURZ сияқты озық еуропалық өндірушілердің заманауи өндірістік жабдығы конструкцияларды жинау кезінде қателіктер жіберу мүмкіндігін жояды және біздің өніміміздің аса жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, оны дайындау мерзімін едәуір қысқартады.
Дүниежүзіне танымал және өзін таныта білген өндірушілердің жоғары сапалы тастапқы материалы мен толымдауыштар тамаша түпкілікті нәтижені қамтамасыз етеді.
Жолға қойылған технологиялық процесс өндірістік процестің барлық кезеңдерінде қатаң бақылауды қамтамасыз етеді, бұл түпкілікті өнімнің жоғары сапасына және дайындау мерзімдерінің сақталуына кепілдік береді.
ПРОФИЛЬДЕР ЖҮЙЕСІ