Рейтинг@Mail.ru

Біз туралы

«Алкон+» фирмасы» ЖШС 20-жылдың тәжірибесі бар жәнезамануаи алюминий және металл пластик конструкциялардың жетекші жеткізушілерінің бірі болып табылады. Конструкцияларды, терезелер, есіктер, қасбет витраждарын жобалау, өндіру және монтаждаудың жоғары сапасы ең күрделі архитектуралық жобаларды іске асыратын жағдайларды қамтамасыз етеді.

Компанияның ауданы 5000 ш.м. меншікті өндірістік базасы бар және Elumatec (Германия) өндірген бірінші дәрежелі еуропалық жабдығымен жиынтықталған.

Әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары сапалы өнім шығару жоғары білікті мамандар мен озық технолоиялардың арқасында жүзеге асырылады. Компания білікті инженер-конструкторлармен, құрастыру және монтаждау өндірісінің мамандарымен жиынтықталған , олар шетелде және Қазақстандағы әріптес компаниялардың жетекші мамандарынан білім алып, біліктілігін арттырды.

Компания Қазақстанда алғашқылардың бірі болып қасбеттік элементтеп әйнектеу жүйесін өндіру және монтаждау инновациялық технологиясын енгізді. Жоғары технологиялық жабдық пен бағдарламалық қамтымның болуы компанияға әйнектеудің, айқын жарық шатырлар, жарық күмбездерін, атриумдар жасаудың ең күрделі жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді.

Толық қызметтер спектрін тұрақты жетілдіру және көрсетуге тырысу есебінен 2006 жылдан бастап шыныпакеттер дайындау «Астаналық Шыныпакет Компаниясы» заңды тұлғасын құру арқылы жеке өндіріске бөліп шығарылды . Әйнекті қайта өндіру көлемі артқандықтан 2015 жылы кәсіпорынды әлемдік озық өндірушілеодің заманауи жабдығымен толық қайта жарақтандыру жүргізілді: «Bystronic glass» шыныпакеттерін құрастыру желісі (Германия), әйнекті автоматты саөқтау қоймасы бар HEGLAкомпаниясының әйнекті пішу желісі (Германия), GLASTON фирмасының (Финляндия)FC500-2860 әйнекті күйдіру пеші, әйнекке баспа шығару үшін Dip-tech компаниясының (Израиль) AR-4000 принтері.

Кәсіпорын аауданы 8000 ш.м. жаңа заманауи өндірістік үй-жайда орналасқан. 2016 жылдың желтоқсан айында «Астаналық Шыныпакет Компаниясы» ЖШС «Қазақстанның үздік тауары»республикалық конкурс-көрмесінде «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымында дипломант атанды.

20 жыл қызмет атқарған кезеңі ішініде«Алкон+» фирмасы «Қазақстан» Спорт сарайы, «ҚР Парламенті Сенатының» ғимараты, «Көрме» кешені, «Қазақтелеком» АҚ АТК, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жаңа әкімшілік ғимараты, «Назарбаев зияткерлік мектебінің» ғимараты, «Marriott» қонақ үйі, «High Vill Astana» ТК, «Nazarbayev University» медицина мектебі және еллордадағы тағы басқа тұрғын үй кешендерін, сауда орталықтарын, әлеуметтік маңызы бар және әкімшілік ғимараттардың құрылысы сияқты Республикалық маңызы бар ауқымды жобаларды іске асырды. Сонымен қатар, компанияның қызмет ету географиясы басқа да қалаларды қамтиды. Мысалы, Атырау қаласындағы телеорталықты және Алматы қаласындағы Стратегиялық зерттеулер институтын әйнектеу және т.б.

2016 жылы компания отандық құрылыс компаниялары «BI group» және «Базис-А» салып жатқан ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің қасбеттері мен шыны шатырларын әйнектеу бойынша күрделі жұмыстарды орындады.

2017 жылы компания ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағындағы «Конгресс-қонақ үйін» және Астана қаласындағы Халықаралық әуежайдың жолаушылар терминалын әйнектеу бойынша жұмыстарды аяқтауда .

Компанияның қызметінде тұтынушылардың жайлылығын арттыру және әріптестік қатынастардың ұзақтығы, кәсіби шеберліктің өсуі, инновациялық технологияларды игеру және шығарылатын өнімдердің сапасын арттыру басымдық болып табылады.