Рейтинг@Mail.ru

КЕПІЛДІК ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

«Алкон+» фирмасы» бұл мәселеге барынша жауапкершілікпен қарайды және барлық жұмыстарды мамандығы бойынша бірнеше жылдық өтілі бар тәжірибелі мамандарға ғана сеніп тапсырады. Біздің монтаждаушылардың жоғары біліктілік деңгейін есепке ала отырып, біз монтаждау жұмыстарына — VEKA профилінен дайындалған терезелерге 5 жыл және Wintech профилінен дайындалған терезелерге 3 жыл кепілдік береміз.

Осы уақыт аралығында, терезелерді пайдаланумен байланысты қандай да бір мәселе туындаған жағдайда, сіз бізге жүгіне аласыз және қолдауымыз бен түсіністігімізге сенім артуыңызға болады.

Егер сізде терезелердің жұмысына қатысты күмән туындаса, біздің мамандар келіп, кемшіліктерді тегін жоюға әзір.

Алайда, кепілдік мерзім аяқталғанның өзінде, сіз біздің клиентіміз болып қала бересіз, және біз өзіміз орнатқан терезелерді пайдаланумен байланысты тиуындаған барлық мәселелер бойынша сізге қуана көмектесеміз.