Рейтинг@Mail.ru

Алюминий конструкциялар

ҚАЗАҚСТАНДА АЛЮМИНИЙ КОНСТРУКЦИЯЛАРҒА ТАПСЫРЫС БЕРУ


АЛЮМИНИЕВЫЕ КОНСТРУКЦИИ

Алюминий конструкциялар қасбеттерді, айқын жарық шатырларды, қысқы бақтарды, эркерлерді, павильондарды және басқа да құрылыстарды шынылау үшін, сондай-ақ терезе, есіктер дайындау және үйлер мен пәтерлердегі балкондарды шынылау үшін қолданылады.

Алюминий конструкциялар–негізгі артықшылықтары мен ерекшеліктері:

  1. Ұзақ сақталуы және сыртқы әсерлерге төзімділігі.Алюминий профильдің есептелген ең аз қызмет ету мерзімі 80 жылдан асады, жаңғыртуға тек фурнитура, резеңке нығыздауыштар және басқа да толымдауыштар жатады. Алюминий конструкциялар күрт температура ауытқуларына, таттануға, ультракүлгін әсерге, қышқылды жауын-шашындарға төзімді.
  2. Беріктігі мен сенімділігі.Алюминий конструкциялар төмен меншікті салмағымен үлкен мықтылық қорына ие, бұл ең күрделі және талғампаз архитектуралық шешімдерді іске асыруға, оның ішінде едәуір жүктемелер түсетін ауқымды архитектуралық құрылыстар тұрғызуға мүмкіндік береді.
  3. Шексіз мүмкіндіктер.Алюминий конструкциялар кез келген түске баялуы мүмкін, өзара және басқа материалдармен тамаша үйлестіріледі. Конструкцияның мықтылығының арқасында өте жіңішке терезе жақтауын пайдалануға болады, бұл өз кезегінде үй-жайға жарықты өткізу қабілетін арттырады.
  4. Экологиялығыжәне адам үшін мүлдем зияны жоқ.Алюминий профиль оны пайдаланудың барлық кезеңінде ешқандай зиянды заттар бөлмейді, иісі жоқ.
  5. Монтаждау технологиялылығы.Конструкцияларды монтаждау кез келген жыл мезгілінде, жеткілікті түрде жылдам мерзімде, жақында тұрғызылған ғимараттарда да, ескі құрылыстарда да жүргізіле алады.

Алюминий конструкцияларды дайындау ерекшеліктері

Бүгінде кез келген конструкциялы құрылыс үшін жұмылдыруға болатын алюминий профильдің екі түрін ажыратады:

  1. «Салқын» профильден орындалған алюминий конструкциялар. Мұндай конструкция жеткілікті түрде жоғары жылу өткізгіштігімен ерекшеленеді. Оларды әдетте жылытылмайтын үй-жайлардағы есіктерді құрастыру кезінде қолданады;

  2. Термоқоспасы бар «жылы» профильден жасалған алюминий конструкциялар, оларды Астана мен Қостанай қалаларында тапсырыс беруге болады. Мұндай профильдің сыртқы және ішкі қабықшасы арнайы термоқоспаның көмегімен біріктіріледі. Ол жылу ағынын үзіп, осылайша үй-жайдағы сапалы жылуды оқшаулауды қамтамасыз етеді.