Рейтинг@Mail.ru

Алюминий констуркциялар өндірісі

Біздің компаниямыз өз қызметін алюминий конструкциялар өндіруден бастады және осы күнге дейін бұл бағыт аса өзекті болып табылады. Конструкция элементтерін машинамен өңдеу кезеңдерінен де, біздің мамандардың қол еңбегінен де тұратын күрделі өндірістік процесс толымдауыштарды жеткізушілердің техникалық талаптарды тұрақты сақтауын және құрастыру сапасын бақылауды талап етеді.

Біздің компаниямыздың жоғары білікті мамандары бұйымдар өндірудің дизайн-жобаны, жұмыс сызбалары мен есеп-қисаптарды әзірлеуден бастап объектіде дайын алюминий конструкцияларды монтаждауға дейінгікүллі процесін бақылайды.

Өндірістің әлемдік жетекші өндірушілер ELUMATEC, STURTZ, SCHUCO компанияларының заманауи жабдығымен жарақталуы алюминий конструкциялардың аса жоғары дәлдігі мен сапасын қамтамасыз етеді.

Әлемдік стандарттардың талаптарына сәйкес келетін сапалы алюминий профилі мен толымдауыштарды өзін алюминий конструкциялары нарығында тамаша көрсете білген және біздің қызмет еткен жылдарымыз ішінде тексерілген өндіруші компаниялар жеткізеді.

2008 жылдан бері өндіріске кәсіпорындағы менеджменттің саланың жоғары стандарттарына сәйкестігін растайтын ИСО 9001 сериясының стандарты бойынша сапа менеджменті жүйесі енгізіліп, қолданылуда.