Рейтинг@Mail.ru

Қасбет жүйелері

Тіректі-ригельді жүйе, тіректер мен ригельдерден орындалған салмақ түсетін ішкі алюминий қаңқадан және сәндік қабаттары бар сыртқы қысқыш профильден (қыспақ) тұрады. Тіректі-ригельді жүйе қасбетті әйнектеудің классикалық жүйесі болып табылады, және қазіргі кезде бұл қасбет жүйелерініңжеңіл құрастырылатын және салыстырмалы түрде төмен бағасы бар аса кеңінен таралған типі.





Жартылай құрылымдық әйнектеу  — бұл әйнектеудің тіректі-ригельді және құрылымдық жүйелерінің үйлесімі, мұнда шыныпакеттер құрама тәсілмен — сыртынан тек тігінен немесе көлденең қыспақты планкалармен ғана бекітіледі, сол арқылы ғимаратқа көлдеңінен (немесе тігінен) қосымша көлем береді. Басқа бағыттағы сызықтары бойынша планкалар нығыздауышқа алмастырылады немесе кеңістік әртүрлі ауа-райы факторларына төзімді силикон герметикпен бітеледі.


Құрылымдық қасбеттік әйнектеу — бұл қасбеттің сыртқы бөлігінде алюминий профильсіз әйнектеу. Мұндай әйнектеу құрылымның жеңілдігі мен тұтастығы әсерін береді және қасбеттің сыртқы бөлігіне көзге көрінетін профильдерсіз тұтас әйнекті ғимараттар жасауға мүмкіндік береді, себебі шыныпакеттерді бекіту тек герметик желімнің көмегімен жүргізіледі.




Спайдерлік әйнектеу  — архитектурада әйнекті аса мәнерлі қолданудың бір түрі. Конструкциялық элементтердің ең аз саны мен барынша визуальды тұнықтық болашақтың бірегей архитектурасын — экстерьер мен интерьердің көркем эстетикасын жасауға, табиғи жарықтың молшылығын, кеңістікті сезінуге және үй-жай мен қоршаған орта арасындағы шекараларды өшіруге мүмкіндік береді.



Панельдік әйнектеу инновациялық, қасбеттік әйнектеудің тың жаңа шешімін білдіреді. Ерекше сипаты жобалау және құрастыру кезеңінде элементтерді стандарттау болып табылады: панельдер цех жағдайында монтаждауға дайын қасбет сегменттері түрінде өндіріледі, бұл конструкциялардың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Дайын сегменттерге шыныпакеттер мен ашылатын элементтер қоса салынған. Артықшылығы — өндірудің және әсіресе монтаждаудың ең қысқа мерзімдері, ол кез келген ауа-райында өндірілуі мүмкін.