Рейтинг@Mail.ru

ЕКІ КАМЕРАЛЫ ШЫНЫПАКЕТ

Бір камералы шыныпакет өзара ауа камерасын түзетін екі әйнектен тұрады. Мұндай шыныпакеттің қалыңдығы әдетте 24 мм құрайды және екі әйнектің (әрқайсысы 4 мм) қалыңдығынан және олардың арасындағы аралық енінен (16 мм) қалыптасады.

Мұндай шыныпакеттің жылу сақтайтын қасиеттері шамалы және су булары 8 °C жуық температурада әйнекте шоғырланып қалуы мүмкін. Сыртқы шуыл деңгейін төмендету шамамен 34 Дб құрайды. Мұндай көрсеткіштер бір камералы шыныпакеттерді тек әкімшілік ғимараттар үшін, сондай-ақ әйнектелген лоджияға немесе балконға шығатын терезелер үшін ғана пайдалануға мүмкіндік береді.

Бір камералы ПВХ терезелері бағасы жағынан ең қолжетімді және салмағы бойынша өте жеңіл болып табылады және фурнитураға және металл пластик терезе жақтауының салмақ түсетін элементтеріне жүктеме салмайды. Алайда, бір камералы шыныпакеттердің салмағы аз.

Екі камералышыныпакет тұтынушылар арасында аса танымал, өйткені үш әйнектен және екі ауа камерасынан тұратын конструкция қолайсыз табиғи факторлардан сапалы қорғауды қамтамасыз етеді — салқын мен шуыл пәтерге кірмейді (конденсат сыртқы ауа температурасы 30 °C шамасында болғанда пайда болады, ал шуыл шамамен 40 Дб төмендейді).

Шыныпакеттерді дайындау кезінде қосарлы герметикалау принципі қолданылады. Бұл ретте бутил герметигінің (бірінші қабат) көмегіменәйнектің жақтауға тығыз жанасуы қамтамасыз етіледі, ал екінші қабатпен (екі компонентті полисульфидті немесе каучуктен жасалған бір компонентті герметикті қолдану арқылы) дәнекерлеу кантын құю жүзеге асырылады.