Рейтинг@Mail.ru

ЕРЕКШЕ ШЫНЫПАКЕТТЕР

Қашықтық жақтауының көмегімен (оны дайындау үшін әдетте алюминий, сирек – мырышталған болат немесе платмасса қолданылады) белгілі қалыңдықтағы ауа камерасы жасалады. Жақтау қуысы кептіргішпен толтырылады.

Кептіргіштің болуы («молекулярлық сүзгіш», силикагель немесе олардың қоспалары) шыныпакет камераларында болатын ауаны сусыздандыруға және конденсат түзілуін болдырмауға мүмкіндік береді.

Әйнектердің алуан түрлерін қолдану әртүрлі мақсаттағы шыныпакеттер дайындауға мүмкіндік береді. Олар мынадай:

· шуылдан қорғайтын (ламинадталған әйнектерді қолданудың және камераларды ауыр газбен толтырудың арқасында);

· қараңғыланған (күн сәулесін сіңіретін);

  • энергия сақтайтын (екі түрлі төмен эмиссиялы— жұмсақ және қатты жабыны бар әйнектер қолданылады );

· жартылай айналы (күн сәулесін шағылыстыратын рефлекторлық әйнектері бар);

· соққыға төзімді (ламинадталған әйнектері бар) болуы мүмкін.

Шыныпакеттің оңтайлы нұсқасын кез келген жағдай үшін таңдап алуға болады. Бәрінен де әдеттегі екі камералы шыныпакет конструкциясы жиі сұранысқа ие. Бір камералы шыныпакетте төмен эмиссиялы (жылу сақтайтын) әйнекті пайдалану әдеттегі әйнектері бар екі камералы шыныпакет қамтамасыз ететін жылуды жақсырақ сақтауға мүмкіндік береді. Жылу сақтайтын қасиеттерін ұлғайту камераларды инертті газбен (әдетте бұл криптон немесе аргон) толтыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда бір камералы шыныпакет терезе конструкциялары нарығында бәсекеге қабілетті болуы мүмкін, ал қазір сұраныс жеткілікті десе болады.

Дұрыс таңдау жасаңыз, сонда сіздің үйіңіз жылу мен тамаша көңіл-күйге толары сөзсіз.