Рейтинг@Mail.ru

ЖЫЛЫ ЖАҚТАУ

Жылдың суық мерзіміндегі Астана климаты өте тұрақсыз ауа-райымен ерекшеленеді.

Температура ауытқулары әсіресе күз бен көктемде ерекше байқалады — күндіз күн ауаны жылытса, ал түнде температура нөлге, кейде тіпті нөлге дейінгі көрсеткішке жақындайды.

Нәтижесінде пластик терезенің периметрі бойынша конденсат түсуі, ПВХ профиль мен терезе алдының ылғалдануы, ал өте төмен сыртқы ауа температураларында, кейде, шық пен мұз түзіліп конденсаттың қатып қалуы орын алады.

Бұл шыныпакет пен пластик профильді біріктіретін металл жақтау «салқын көпірі» ретінде қатысатындықтан орын алуы мүмкін, сол арқылы жылу көшеге шығып кетеді.

«Алкон+» фирмасы Сізге терезенің шеткі аймағындағы темпкратураны көтеру есебінен барынша жайлылықты қамтамасыз ететін «жылы контур» заманауи технологиясын ұсынады. Шыныпакеттің «жылы» дақтауы өндірілетін арнайы материал конденсат түзілу мүмкіндігін төмендетіп, оның жылу оқшаулағыш қасиеттерін жақсартады.

«Жылы шеттері» бар терезеге тапсырыс бере отырып, Сіз мынадай артықшылықтарға ие боласыз:

  • конденсаттың аз түзілуі;

· жақсартылған жылу оқшаулағыш қасиеттер;

· әйнек бетінде температураның біркелкі таралуы.

« Жылы контур» технологиясының көмегімен бір камералы, екікамералы шыныпакеттері бар терезелерді жылытуға болады. Бұл технология Сізге қыс мезгілінде үй-жайды жылытуға кететін қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді және Сіздің үйіңізді барынша жылы әрі жайлы етеді.